Модельдің ерекшеліктері
Экстерьер
Интерьер
Динамика
Инновациялар
Радиатордың фирмалық торы.

Радиатордың фирмалық торы.

Кең жиегі бар радиатордың қосарлы торы мен қосымша тік ламельдер 6-шы сериялы жаңа BMW GT моделінің алдыңғы бөлігінің көз тартатын келбетін жасайды.

BMW Laserlight лазерлік фаралары.

BMW Laserlight лазерлік фаралары.

Артқа түсетін жарық режимінде BMW Laserlight лазерлік фаралары көліктің алдындағы аумақты 650 м радиусқа дейін жарықтандырады, бұл дәстүрлі фаралармен салыстырғанда екі есе дерлік көп. Қараңғыда көру мүмкіндігі қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырады. Фаралардағы көк дизайнерлік элементтер мен BMW Laser жазуы автокөліктің технологиялық кемелдігін және спорттық сипатын ерекшелеп көрсетеді.

M Sport тежеу жүйесі.

M Sport тежеу жүйесі.

Қара көк түсті көп поршеньді тежеу суппорттары мен M жазуы бар спорттық M тежегіштері өте тиімді тежейді. Олар автокөліктің айтарлықтай динамикалық әлеуетіне бейімделген, автокөлікті айқын спорттық стильде басқаруға мүмкіндік береді және ылғал беттерде тамаша тежелуге кепілдік береді.

Трапеция пішініндегі шығару жүйесінің келтеқұбыры.

Трапеция пішініндегі шығару жүйесінің келтеқұбыры.

Трапеция пішініндегі шығару жүйесі келтеқұбырының сыртқы бөлімі хроммен қапталған: келтеқұбырлар сол және оң жақта орналасқан.

Басқару бөлшектерінің керамикалық әрлеу элементтері

Басқару бөлшектерінің керамикалық әрлеу элементтері

Басқару құралдарының эксклюзивті керамикалық әрлеу элементтері — беріліс қорабының тұтқасы, аудиожүйені және климат-контрольді басқару құралдары және iDrive контроллерінің жиектері — салонға әлдеқайда сәнді көрініс береді.

Панорамалық әйнек төбе.

Панорамалық әйнек төбе.

Ашық панорамалық әйнек төбе салонға таза ауаның кіруін қамтамасыз етеді. Ал жабық күйде жарықты жақсы өткізеді. Ашу және жабу түйме немесе кілт арқылы толық автоматты режимде орындалады. Төбеде жылжыту мен көтеру функциясы, күннен қорғайтын қалқа мен дефлектор болады.

BMW TwinPower Turbo қатарлы 6 цилиндрлі бензин қозғалтқышы

BMW TwinPower Turbo қатарлы 6 цилиндрлі бензин қозғалтқышы

Айтарлықтай қуат, бірқалыпты жұмыс және арбағыш дыбыс – міне, BMW EfficientDynamics күштік агрегаттар желісінің соңғы буынын ұсынатын 6 цилиндрлі BMW TwinPower Turbo бензин қозғалтқышының айрықша қасиеттері осы. Double-VANOS газ тарату фазаларын қадамсыз реттеу жүйелерімен және Valvetronic газ тарату фазаларын өзгертумен, дәлдігі жоғары бүркумен және қос спиральді турбоүдеткіштермен жабдықталған қозғалтқыштың қуаты 340 а.к. жетеді.

BMW TwinPower Turbo қатарлы 6 цилиндрлі дизель қозғалтқышы

BMW TwinPower Turbo қатарлы 6 цилиндрлі дизель қозғалтқышы

BMW TwinPower Turbo қатарлы 6 цилиндрлі дизель қозғалтқышының жаңа буыны айтарлықтай қуатты береді әрі отынның эталон үнемділігін көрсетеді. Бұл турбоүдеткішті турбинаның өзгермелі геометриясымен және отынды қысыммен тікелей бүрку жүйесімен үйлестіру арқылы қамтамасыз етіледі. Күштік агрегат 249 а.к. қуатына дейін жетеді және әсерлі 620 Н·м айналдыру моментін көрсетеді.

BMW xDrive жүйесі.

BMW xDrive жүйесі.

BMW xDrive интеллектуалды толық жетек жүйесі кез келген қозғалыс жағдайында жолмен максималды ілінісуге, жоғары динамикаға және қауіпсіздікке қол жеткізу үшін айналдыру моментін алдыңғы және артқы дөңгелектер арасында қарқынды түрде біркелкі таратады. Автокөліктің көлденең тұрақтылығын бақылайтын барлық функциямен инновациялық желілік өзара әрекеттесу абсолютті тұрақтылыққа да, максималды спорттық динамикаға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Алдыңғы және артқы осьтердің бейімделетін пневматикалық аспасы.

Алдыңғы және артқы осьтердің бейімделетін пневматикалық аспасы.

Алдыңғы және артқы осьтердің бейімделетін пневматикалық аспасы сирек кездесетін қарқынды сипаттамаларды сақтай отырып, қозғалыс кезінде ең жоғары жайлылық деңгейін қамтамасыз етеді. Болат серіппелі аспаға қарағанда, пневматикалық аспа кез келген қозғалыс режимінде, соның ішінде толық жүктеме кезінде де шанақтың тұрақты биіктігін сақтайтын ауамен толтырылған резеңке элементтерден жасалған — өйткені тұғыр жастықтардың ішіндегі ауа қысымы үнемі реттеліп тұрады.

Интегралды белсенді руль

Интегралды белсенді руль

Интегралды белсенді руль жүйесі алдыңғы дөңгелектердің бұрылу бұрышына байланысты әртүрлі баптауларды қолданады. Сонымен қатар басқаруға артқы дөңгелектер де қатысады. Төмен жылдамдықпен жүргенде артқы дөңгелектер алдыңғы дөңгелектерге қарама-қарсы бағытта бұрылып, үлкен маневрлікті қамтамасыз етеді. Шамамен 60-80 км/сағ жылдамдықпен жүргенде артқы дөңгелектер алдыңғы дөңгелектермен бір бағытта бұрыла бастайды, бұл бағыт тұрақтылығын сақтауды жақсартып, жүрістің жайлылығын арттырады.

Executive drive аспаны басқару жүйесі

Executive drive аспаны басқару жүйесі

Executive drive аспаны басқару жүйесі керемет қарқынды сақтай отырып, қозғалыс кезінде ерекше жайлылықты қамтамасыз етеді. Аспаның қаттылығын үнемі реттейтін және шанақтың бір жаққа қисаюын азайтатын белсенді электрмеханикалық тұрақтандырғыштар жүйенің негізі болады.

BMW Live Cockpit Professional аспаптар тақтасы

BMW Live Cockpit Professional аспаптар тақтасы

Навигация жүйесі бар BMW Live Cockpit Professional аспаптар тақтасында ажыратымдылығы жоғары екі дисплей бар: 12,3 дюймдік сенсорлы және 12,3 дюймдік аспаптар тақтасының дисплейі. BMW Operating System 7 операциялық жүйесін iDrive сенсор контроллері арқылы басқаруға болады.

Смартфонды кіріктіру

Смартфонды кіріктіру

BMW автокөлігін басқарған кезде смартфонның ыңғайлы функцияларынан бас тартудың не қажеті бар? Автокөлік Apple CarPlay® және Android Auto® қолдайды және сымсыз қосылым арқылы смартфонды өз интерфейсіне біріктіруге мүмкіндік береді. Осының арқасында сіз BMW салонында отырып, таныс мүмкіндіктер мен әртүрлі қолданбаларды пайдалана аласыз.

Professional көлік жүргізу көмекшісі

Professional көлік жүргізу көмекшісі

Professional көлік жүргізу көмекшісі қиын жағдайларда немесе ұзақ, шаршатып жіберетін сапарлар кезінде оңтайлы жайлылық пен максималды қауіпсіздікке кепілдік береді. Driving Assistant (жүргізуші көмекшісі) топтамасындағы жүйелерден басқа, оның құрамына кеңейтілген функциялары бар рульді басқару және жолақта ұстау көмекшісі, жолақты ауыстыру және төтенше тежеу көмекшісі және бүйірлік соқтығысудан белсенді қорғаныс функциясы бар жолақпен жүру көмекшісі кіреді.

Артқа жүру көмекшісі.

Артқа жүру көмекшісі.

Артқа жүру көмекшісі 35 км/сағ аспайтын жылдамдықпен алға жүру кезіндегі соңғы 50 метр өткен траекториясын сақтап алады, осылайша, қажет кезде автокөліктің шығуын қамтамасыз етеді. Бұл жүргізушіні рульді пайдалану қажеттілігінен босатып, автокөліктің айналасындағы жағдайды бақылауға мүмкіндік береді.

Сипаттамалары мен бағалары

Сұраныс қалдыру

BMW 6 серия GT

img