Аксессуарлар

СЕНІҢ ҚАЙТАЛАНБАС СТИЛІҢ

Жаңа не ескі MINI болсын, маңызды емес – оны шынымен бірегей етудің көптеген жолдары бар. Мына жеріне жапсырма, анау жеріне жолақ сызсаң болды – міне, сенің MINI автокөлігің миллионның ішіндегі қайталанбас болып шыға келді. Ал сен оның қандай болғанын қалайсың?

ЖАҢА MINI САТЫП АЛҒЫҢ КЕЛЕ МЕ?

Опциялар мен аксессуарлардың 10 миллион комбинациясы арқылы оны бірегей талғамыңызға қарай келтіріңіз.

АВТОКӨЛІГІҢІЗДІ ЖЕТІЛДІРЕСІЗ БЕ?

Мұны сүйіспеншілікпен түпнұсқа MINI аксессуарларымен жасаңыз. Не қоюға болатынын көріп, өзіңізге ұнайтын аксессуарларды жергілікті MINI дилерінде орнатыңыз.

ДҰРЫС ҮНЕМДЕУ ҮШІН АКСЕССУАРЛАРДЫ ТОПТАМАМЕН САТЫП АЛЫҢЫЗ

Ең танымал аксессуарлардың топтамалары әр аксессуарды жеке сатып алғанға қарағанда біршама ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді.

ЛЕЗДЕ ТҮРЛЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН АКСЕССУАРЛАР ТОПТАМАЛАРЫ

MINI автокөлігіңізді стильді аксессуарлармен безендіріңіз. Дәл сіздің автокөлігіңізге арнап жасалған – ескі не жаңа болсын, маңызды емес – олар бірнеше минут ішінде MINI дилерінде орнатылады.

ОНЫ JCW-ГЕ АЙНАЛДЫР

Кез келген MINI-ді түпнұсқа John Cooper Works Pro тюнинг жинағының көмегімен нағыз зымыранға айналдыруға болады. Қатаң стандарттарға сай жасалған және сыналған оның құрамдас бөліктері теңдесі жоқ сапа мен қауіпсіздікті 50 жылдық жарыс тәжірибесімен біріктіреді – және сенің MINI дыбысын, динамикасын және басқарылуын толығымен өзгерте алады.

 

JOHN COOPER WORKS PRO ТЮНИНГ ЖИНАҒЫ

John Cooper Works Pro тюнинг жинағымен өз MINI Cooper S-ке әдеттегісінен батыл бейне сыйла.

АЭРОДИНАМИКАЛЫҚ ЖИНАҚ

Зымырап жүру үшін аэродинамикалық жинақты сатып ал. Сол жинақтың арқасында MINI-де қосымша ауа тартқыштар пайда болады, ал стиль жағы одан да спорттық көрініс береді.

СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ ДИЗАЙН

Автокөлік стилін карбон айналарынан бастап торлы кілемшелерге дейін жарыс бөлшектерімен толықтыр.