Байланыс деректері

Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Бавария автоорталығы «сауда үйі» ЖШС (Қазақстандағы BMW және MINI ресми импорттаушысы) сізге өз аймағыңыздағы BMW және MINI маркаларының ресми серіктесі/дилері болудың бірегей мүмкіндігін ұсынады.
Сіздің инвестицияңыздың табыстылығының кілті:

  • BMW брендінің әлемдегі, оның ішінде Қазақстандағы премиалды беделі;
  • Еуропалық жинақтағы автокөліктердің ең жоғары сапасы;
  • Бірегей және танымал автокөлік дизайны;
  • Қауіпсіздік және қоршаған ортаға қамқорлық жүйелерін дамыту саласындағы озық ұстанымдар;
  • «Бавария автоорталығының» әрдайым бизнес жүргізудің барлық аспектісі бойынша серіктестерге консультациялық қолдау көрсетуге дайын мамандар тобы.

«Бавария автоорталығы» дилерлермен қарым-қатынасын мерзімсіз дилерлік шарт, атап айтқанда, автокөліктерді, қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды сатуды, сондай-ақ автокөліктерге қызмет көрсету мен жөндеуді реттейтін шарт негізінде құрады.

Қазіргі уақытта бізде Қазақстандағы BMW және MINI ресми импорттаушысы ретінде Қазақстанда дилерлік желіні дамыту бойынша жоспарлар қалыптасты. Сонымен қатар қосалқы бөлшектерді көтерме сату және сервистік қызмет көрсету бөлігінде серіктестермен ынтымақтастық бойынша біздің серіктестеріміз үшін арнайы бағдарламалар әзірленді.

Төмендегі нысанды толтыру арқылы сіз өз өтінішіңізді clientservice@bavaria.kz мекенжайына жібере аласыз

Дилерлік шарт жасасуға өтінім жіберуге арналған нысан

Жүктеу