MINI Electric Concept
Өздеріңіз білетіндей, 2008 жылы MINI пайдалану сынақтары үшін 600-ге жуық данада шектеулі тиражбен шығарылған революциялық толық электрлі MINI E моделін ұсынды. Бұл автокөліктердің әрқайсысы электрмобильдерді пайдалану туралы маңызды түсініктер алуға көмектесті және бұл білім кейіннен BMW i3 моделін дамыту кезінде пайдаланылды. Осы көктемде MINI өзінің алғашқы plug-in гибридті MINI Countryman Cooper SE All4-ті таныстырды. MINI Electric Concept династияны жалғастыруда.
MINI Electric – классикалық үш есікті хэтч. Алты қырлы радиатор торы мен жабынмен жабылған дөңгелек фаралар MINI Electric Concept моделін бірден тануға мүмкіндік береді. Бір қарағаннан-ақ бұл көліктің жүрегі электрлі екені көрініп тұр. Артқы шамдарда британдық тудың жарты бөліктерін көруге болады, жетілдірілген аэродинамикалық шанақ және ойық есік тұтқалары түпнұсқалық екпін береді. Сары екпіндері бар күңгірт сұр шанақ реңкі MINI E моделіне лайықты баға береді.
Асимметриялы дизайндағы 4 шабақты 19 дюймдік дөңгелектер өзіне назар аудартады. Аэродинамиканы жақсарту үшін шабақтар арасындағы кеңістікті жабатын ендірмелер 3D-баспа әдісімен жасалған. Сол технология бойынша алдыңғы бампердің төменгі бөлігіндегі бітеуіштер жасалған. Осы екі элемент MINI Electric Concept моделінің жеңіл және заманауи сипатын айқындайды, сонымен қатар автокөлікті сәндеу үшін функционалды дизайн элементтерін жасау тұрғысынан 3D-баспалар ұсынатын мүмкіндіктерді көрсетеді.
Басқа жаңалықтар:
MINI инновациялар мен жарыс мұрасының 65 жылдығын атап өтті
2024 жылғы 26 тамызда MINI алдыңғы қатарлы дизайн мен өнімділіктің нышанына айналып, өзінің 65 жылдық мерейтойын атап өтті. 1959 жылы дебют жасағаннан бері MINI стиль, маневр жасауға ептілік және инновациялық шешімдердің бірегей үйлесімі арқылы бүкіл әлем бойынша жүргізушілердің жүрегін жаулап алды.
Түстер мен материалдардың дизайны: көбірек өзгешілік, көбірек заманауилық және көбірек MINI
Жаңа MINI үйірі – бұл мәнге бағытталған және әрбір автокөліктің жеке сипатына баса назар аударатын мүлдем жаңа дизайн тілі. Айқын әрі минималистік концепция жаңартылған интерьерде заманауи және жайлы атмосфера жасайды. Бұл трансформацияға жаңа түстер мен материалдар палитрасы маңызды үлес қосады: инновациялық маталар, жаңа түстер мен өрнектер брендтің фирмалық әсерін қалыптастырып, салонды уақыт өткізуге жайлы кеңістікке айналдырады.
Минималистік универсал: жаңа MINI Countryman
Жаңа MINI Countryman – бұл танымал кроссовердің эволюциясы, ол үлкенірек, биік әрі одан да әсерлі болды. Алдыңғы моделінен айырмашылығы – жаңа Countryman биіктігі 6 см-ге және ұзындығы 13 см-ге ұлғайды, сонымен қатар дөңгелек аркаларының ені айтарлықтай кеңейтілді. Бұл қадам минимализм мен функционалдылықты үйлестірген, сенімді және заманауи дизайны бар автокөлікті жасауға мүмкіндік берді.