Сервис

MINI сервисі

MINI уақыт ағымын бақылап, жайлылық пен қауіпсіздікті арттыратын ең жаңа техникалық әзірлемелерді өз автокөліктеріне енгізуде. Оңтайлы шешімдерді үнемі іздестіру және жаңа шындыққа бейімделу брендтің негізгі қағидасына жатады. Аңызға айналған MINI-ді жасау кезінде барлық артық затты алып тастау және керемет басқарылатын автокөлік жасау негізі жатыр.

КӘСІПҚОЙЛАРҒА СЕНІҢІЗ

Біздің білікті шеберлеріміз сіздің MINI-ді өзінің бес саусағындай біледі. Осылайша, сіз қазынаңызға үздік стандарттарға сәйкес және түпнұсқа MINI бөлшектерін қолдана отырып, қызмет көрсетілетініне сенімді бола аласыз.
__________________
Сенің автокөлігің 100 % MINI болып қалады.

Біз сервистік қызмет көрсетудің жоғары деңгейін, деңгейі бойынша ең жақсы көлік күтімін және көлік жүргізуден шынайы ләззат алуды қамтамасыз ететін қызмет көрсетуге ұмтыламыз.

БІЗ СЕНІ ОЙЛАЙМЫЗ

Бірегей жабдық пен MINI-дің сапалы түпнұсқа қосалқы бөлшектерінің көмегімен сервистік орталықтардың тәжірибелі мамандары автокөлігіңіздің сапасының сақталуын және сервистің жоғары деңгейде көрсетілуін қамтамасыз етеді.

MINI автокөлігің саған жап-жаңа болып қайта оралуын күтіп отырғанша, сен газеттерді оқып, тегін WiFi арқылы Интернетті шарлауыңа немесе шоу-румда соңғы MINI модельдерін көруіңе болады.

MINI автокөлігіне тұрақты сервистік қызмет көрсету автокөліктің қауіпсіз қозғалысына және көліктің тұрақты жарамдылығына кепілдік береді. Тәжірибелі мамандар жүргізетін сапалы сервистік қызмет көрсету үшін сіз Бавария Алматы автоорталығына жүгіне аласыз.

Сервиске жазылу:

Мен жеке деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін