BMW K 1600 GTL
Отправляйтесь навстречу горизонту изящно и со вкусом на этом роскошном и быстром туристическом мотоцикле.

Двигайтесь вперед.
Только вперед.

Tour BMW K 1600 GTL

Характеристики и цены
26,5 л
Отын багының пайдалы көлемі
358 кг
Жабдықталған күйіндегі салмақ (отын толтырып құйылған)
202 кг
Ең жоғары жүктеме (стандарт жинақтамада)
5,9 л
WMTC стандарты бойынша 100 км-ға отын шығыны
6750 айн./мин кезінде (118 кВт) 
Ең жоғары қуат

Немістер айтады: «Саяхатта көп нәрсені білетін адам сапарға жалғыз шықпайды». Бұл, әсіресе, жолды адал серікпен бөліскен кезде өзекті. Олардың бірі BMW K 1600 GTL болады. Бұл мотоцикл туристік сапарларға арналған және сіздің көптен бергі армандарыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның қуатты алты цилиндрлі қозғалтқышы ең жоғары динамика мен керемет сипаттамаларды қамтамасыз етеді. Ыңғайлы отырғызу геометриясының арқасында сіз әр шақырым жол жүрісінен толық ләззат ала аласыз. Кокпиттің құрылымы да қайта жасалды. Аспаптар тақтасы жүргізушімен барынша өзара әрекет етуге бағытталған, бұл әр сапарға мүмкіндігінше енуге мүмкіндік береді. Өйткені толық #RideAndShare тұжырымдамасына сәйкес нағыз саяхат осы жерден басталады.

Үлгі артықшылықтары

Кейде дәл осы ұсақ-түйек нәрселер саяхаттан ұмытылмас әсер қалдырады

Сондықтан K 1600 GTL мотоцикліндегі әрбір бөлшек: мейлі ол жолаушының шынтақ қойғышы болсын, кофр мен топкейске арналған ыңғайлы ішкі сөмкелер болсын немесе мотоциклді жарқыратып тұратын көптеген хром бөлшектері болсын, эксклюзивті бөлшек. Бейімделгіш жарықтандыруы бар толық жарықдиодты оптика тәуліктің кез келген уақытында тамаша көріністі қамтамасыз етеді. Осының арқасында түнде де күндізгідей жарық болады. Максималды жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тамаша жарық жағдайында сапарлардан ләззат алыңыз

Арнайы сізге арналған эксклюзив

Өзіңізді және стиліңізді ешқашан – тіпті саяхатта да өзгертпеңіз. Біздің BMW Motorrad опциялық жабдықтары мен түпнұсқа аксессуарлары K 1600 GTL-ді сіздің жеке басыңызды мінсіз ерекшелейтін мотоциклге айналдыра алады. Comfort пакетінде қосымша жарықдиодты фарлар мен қозғалтқыштың қауіпсіздік доғалары, сондай-ақ Keyless Ride кілтсіз кіру жүйесі, орталық құлып және күзет дабыл жүйесі бар. Іліністі қыспай-ақ берілістерді ауыстырып-қосуға мүмкіндік беретін Shift Assist Pro жүйесі пакетті толықтырады

Атауының өзі бәрін айтып тұр

K 1600 GTL – бұл ең батыл үміттен асып түсетін кемелдіктің көрінісі. Бірақ тіпті әсерлі саяхатты одан да ыңғайлы етуге, ал тамаша мотоциклі одан да жетілдіруге болады. Сізді шабыттандыру мақсатында біз екі нұсқаны дайындадық: «Endurance Runner» және «Exclusive». Сізге қажет нәрсені таңдаңыз: көбірек жайлылық пен қайталанбас мүмкіндіктер

Спорттық, динамикалық, таңғаларлық

K 1600 GTL — саяхаттаған кездегі эксклюзивті жайлылықтың көрінісі. Бірақ біздің дизайнға қоятын талаптарымыз мұнымен шектелмейді: бір-бірімен байланыста болу, карталарды оқу, нысаналы жерге дейін ең әдемі маршруттармен бірге жету. K 1600 GTL моделінің түрлі түсті TFT дисплейі, диагоналы 10,25", бұл үшін өте қолайлы. Толықэкранды режим BMW Motorrad Connected қосымшасының көмегімен карталарды толық интерактивті көруді қамтамасыз етеді – кокпитте мұндай навигация әлі күнге болмаған. Экранды бөлу режимі көп контроллермен оңай басқарылатын бірнеше мүмкіндіктерді бір уақытта басқаруға мүмкіндік береді

Аңызға айналған қатарлы алты цилиндрлі қозғалтқыш

Аңыздар қалай пайда болып, қалай әлемге тарайды? K 1600 GTL алты цилиндрлі қозғалтқышымен жауап айқын: сапарларда. Оның аңызға айналған тарту күші мен қуатын іс жүзінде тексеруге болады. Қозғалтқышты басқарудың жаңартылған жүйесінің арқасында айналдыру сәті одан да әсерлі болды. 160 а.к. максималды қуатқа 6750 айн/мин кезінде жетеді, бұл алдыңғы буын моделінен 1000 айн/мин төмен. Қозғалтқыштың тежеу сәтін басқару жүйесі (қозғалтқыштың тежеуін динамикалық басқару) және Dynamic ESA жүйесі қажетті тұрақтылықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ қарқынды қозғалыс режимдері үшін мінсіз үйлеседі
Оформление заявки
Запись на тест-драйв
Наверх